Last Change:
03/17/2026
Order of the Minister of Labor and Social Protection of the Population of the Republic of Kazakhstan dated April 7, 2022 No. 118, On approval of the Rules for registration and consideration of applications for assignment of refugee status
Year: 2022
Type: Domestic law
Rights Category: Asylum
Description
The rules for Registration and consideration of applications for refugee status establish the procedure for filing, registering and reviewing applications from asylum seekers. They define the terms and conditions of the application, the list of necessary documents, the procedure for registering applicants and verifying the circumstances related to their application, the possibility of appealing against the refusal, and ensure compliance with the principles of legality, transparency and protection of the rights of asylum seekers in Kazakhstan.
Selected provisions
11. Өтінішхатты қарау рәсімін өтінішхат тіркелгеннен кейін ХЖҚЖАО-ның
жауапты орындаушысы тарапынан жүргізіледі және:
өтініш беруші жүгінген күні "Қандас" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде
пана іздеген адамға электрондық іс жүргізіледі;
өтінішхатты тіркегеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде осы Қағидаларға 3-
сәйкес нысан бойынша пана іздеген адамды есепке алу карточкасы (бұданқосымшаға
әрі – есепке алу карточкасы) ресімделе отырып, пана іздеген адаммен сауалнама
жүргізіледі;
сауалнама жүргізілгеннен кейін пана іздеген адамды өтінішхат тіркелген күннен
бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер
органдарының (бұдан әрі – ІІО) барлық есептері, сондай-ақ Бас прокуратураның
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Құқық қорғау және
арнаулы органдарының ақпарат алмасу жүйесінің (бұдан әрі – ҚҚАО ААЖ) есептері
бойынша тексеріледі;
ІІО және ҚҚАО ААЖ-ның есептері бойынша пана іздеп жүрген адамды тексеру
жүзеге асырылғаннан кейін өтініш берушіге осы Қағидаларға сәйкес "4-қосымшаға
Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан
Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664
бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеубұйрығымен
тізілімінде № 7274 болып тіркелген) аурулар тізбесінде көрсетілген аурулардың
болмауына міндетті медициналық тексеріп-қаралуға жолдама беріледі, сондай-ақ
Қағидаларға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағы ресімделе отырып,5-қосымшаға
әңгімелесу жүргізіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 31.10.2024 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Әңгімелесу өткізуге дайындалу кезінде ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы:
пана іздеген адамның өтінішхатын, сондай-ақ ол ұсынған өтінішхат беру
негізділігін растайтын құжаттар мен материалдарды зерделейді;
пана іздеген адамның азаматтық тиесілі мемлекеті не бұрынғы тұрған жері туралы
ақпаратты жинауды және зерделеуді жүзеге асырады.
Ақпарат саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай, паспорттық-визалық режим,
адамның негізгі құқықтарын сақтау, мәдениеті және діні, тарихы және географиялық
орналасуы, қудалау қаупі бар адамдар санаты туралы мәліметтерді қамтиды;
босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты беру негізділігін растауды қажет ететін
мән-жайларды (нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік
топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің
негізділігіне орай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүруі және өз елінің
қорғауын пайдалана алмауы немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды
пайдаланғысы келмеуі) анықтайды.
13. ХЖҚЖАО-ның әңгімелесуді жүзеге асыратын жауапты орындаушысына пана
іздеген адам түпнұсқа құжаттарды қарау үшін ұсынады.
Бұл ретте пана іздеген адамның паспортының немесе жеке басын куәландыратын
басқа да құжаттарының көшірмелері жасалады.
Өтінішхаттың негізділігін растайтын ұсынылған немесе алынған басқа да құжаттар
мен материалдар пана іздеген адамның өтінішхатына тұпнұсқада (болған жағдайда)
қоса тігіледі
14. Әңгімелесу оқшауланған үй-жайда, бөтен адамдар кіргізілмей өткізіледі. Егер
пана іздеген адам қазақ немесе орыс тілдерін білмесе, ал әңгімелесуді өткізетін
ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы өтініш иесінің тілін білмесе, аудармашы
шақырылады.
Кәмелетке толмағандармен әңгімелесу олардың заңды өкілдерінің қатысуымен
өткізіледі.
Қудалау құрбаны болу қаупі қорқытумен не сексуалдық зорлық-зомбылықпен,
азаптаулармен, гендерлік фактормен, сенімді қарым-қатынасты қажет ететін басқа да
уәждермен байланысты пана іздеген адамдармен әңгімелесуді бір жынысты адам
өткізеді.
15. Әңгімелесу басталар алдында ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы өзін
таныстырады, пана іздеген адамға Заңның 8 бабында көзделген оның құқықтары мен
міндеттерін, оны босқын деп тану рәсімін түсіндіреді, сондай-ақ аудармашыға сенім
білдіретіндігін нақтылайды.
Пана іздеген адамға әңгімелесу нәтижесінде алынған мәліметтер жариялануға
жатпайтыны хабарланады.
ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы пана іздеген адамға қойылатын сұрақтарға
шынайы ақпарат беру қажеттілігі туралы, ол жалған мәліметтерді хабарлаған не қолдан
жасалған құжаттарды ұсынған жағдайда туындауы мүмкін салдар туралы ескертеді.
16. Әңгімелесу өткізу кезінде ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы осы
Қағидаларға сәйкес әңгімелесу өткізу кезінде пана іздеген адамға6-қосымшаға
қойылатын сұрақтар тізбесінен сұрақтар қояды. Сұрақтар пана іздеген адамға кез
келген кезектілікте қойылады. Жауаптың сипатына қарай қосымша сұрақтар қойылуы
мүмкін.
Әңгімелесу барысында пана іздеген адамның жауаптары оның азаматтық тиесілілік
немесе бұрынғы тұрған жерінің мемлекеті туралы ақпаратпен салыстырылады.
17. Әңгімелесуді өткізетін ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы өтінішхат берген
адамға өтінішхатты беру негізділігін, сондай-ақ өз жауаптарының шынайылығын
растайтын қосымша дәлелдемелерді олар болған жағдайда ұсынуды ұсынады.
18. Әңгімелесу барысында пана іздеген адам өзі және өзінің өткені, жақын
туыстары туралы мәліметтерді, босқын деп тану туралы өтінішхатпен өтініш білдіру
үшін негіз болған фактілер мен себептерді баяндайды.
Қудалау құрбаны болуы қаупінің растауы оның азаматтық тиесілігінің немесе
бұрынғы тұрған жерінің мемлекетінде жауапкершілікке тарту туралы биліктің ресми
органдарының, оның ішінде соттың, полицияның, прокуратураның, мемлекеттік
қауіпсіздіктің құжаттары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараты болып
табылады.
Әңгімелесу кезінде азаматтық тиесілілігінің немесе бұрынғы тұрған жерінің
мемлекетіне оны жіберуге кедергі келтіретін мән-жайлардың бар-жоғы туралы пана
іздеген адамның пікірі анықталады.
19. Отбасын біріктіру мақсатындағы өтінішхатты қарау кезінде пана іздеген адам
отбасылық қарым-қатынастарының бар екенін растайтын құжаттамалық дәлелдемелер
ұсынады.
Пана іздеген адаммен және отбасын біріктіру мақсатында оған келген шетелдік
немесе азаматтығы жоқ адаммен әңгімелесу ұсынылған дәлелдемелердің
тұпнұсқалығын айқындау не оларды алу үшін бөлек жүргізіледі.
20. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін әңгімелесуді өткізген ХЖҚЖАО-ның жауапты
орындаушысы өтініш берген адамнан қосымша ақпараттың бар-жоғын нақтылайды,
оның жауаптарындағы сәйкессіздіктер немесе дәлсіздіктер бойынша түсініктеме беруін
ұсынады, сондай-ақ қосымша әңгімелесу өткізу мүмкіндігі туралы ескертеді.
21. Оқиғалар мен негізгі фактілерді, күндерді, адам есімдерін, баяндалған оқиғалар
болған жерлердің атауы көрсетілген сауалнама парағы ХЖҚЖАО-ның жауапты
орындаушысы тарапынан әңгімелесу өткізу уақытында немесе ол аяқталғаннан кейін
дереу ресімделеді.
22. Сауалнама парағын ресімдегеннен кейін ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы
пана іздеген адамды оның мазмұнымен жеке өзі не аудармашы арқылы таныстырады.
Жазбада анықталған дәлсіздіктер түзетілуге тиіс. Ресімделген сауалнама парағына
аудармашы (егер әңгімелесу аудармашының қатысуымен өтсе), заңды өкілдері (олар
қатысқан жағдайда), ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы және пана іздеген адам
қол қояды, өтініш иесі сауалнама парағының әр парағына қол қояды.
23. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін ХЖҚЖАО:
баяндалған фактілерді тексеруді жүзеге асырады, оның ішінде пана іздеген адамның
Қазақстан Республикасына келу мақсаттары мен себептерін нақтылайды;
ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы мен алынған мәліметтердің шынайылығын
тексеруді ұйымдастырады;
қажет болған жағдайда пана іздеген адаммен ұсынылған ақпараттың шынайылығын
тексеру, материалдардағы сәйкессіздіктер мен қайшылықтарды жою үшін қосымша
әңгімелесу өткізеді;
пана іздеген адам ұсынған мәліметтер мен фактілерді растау және адам туралы
қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына,
ұйымдарына (мекемелеріне) сұрау салулар жолдайды;
пана іздеген адам ұсынған мәліметтерді растау, куәгерлерді (бар болса) шақырады;
пана іздеген адам ұсынған құжаттар мен материалдарға, мемлекеттік органдардың,
ұйымдардың (мекемелердің) ақпаратына талдау жүргізеді, шетелдікпен сауалнама
жүргізу және әңгімелесу нәтижелерін бағалайды.
3. Босқын мәртебесін алу үшін пана іздеген адам Қазақстан Республикасына келген
күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннің ішінде немесе өзі Қазақстан Республикасының
аумағында болып, нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір
әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау
жағдайларының туындауы туралы білген күннен бастап өзі немесе Халықты жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ХЖҚЖАО) осы Қағидаларға
сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) береді.1-қосымшаға
Өтінішхатқа пана іздеуші адамның жеке басын куәландыратын немесе растайтын
құжаттар қоса беріледі.
4. Өтінішхат қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады және пана іздеген адам
және аудармашы (аудармашы қатысқан жағдайда) қол қояды. Егер пана іздеген адам
өтінішхатты қазақ немесе орыс тілінде өз бетінше толтыра алмаса, онда өтінішхатты
өтініш иесінің сөзінен аудармашы толтырады. Осындай жағдайда өтінішхат беруші
адамнан аударма сапасымен қанағаттандырылғаны туралы жазбаша өтініш алу қажет.
5. ХЖҚЖАО өтінішхат келіп түскен күні осы Қағидаларға сәйкес2-қосымшаға
нысан бойынша оны қабылдауды, пана іздеуші адамдарды тіркеу журналына тіркеуді
жүзеге асырады. ХЖҚЖАО-ның басшысы өтінішхат келіп түскен күні жауапты
орындаушыны айқындайды.
7. Өтінішхатты тіркеген күні пана іздеген адамға "Пана іздеген адамның куәлігі
үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 97 (Нормативтік құқықтықбұйрығымен
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27181 болып тіркелген) бекітілген нысан
бойынша Қазақстан Республикасында пана іздеген адамның куәлігі беріледі және оның
өтінішхаты бойынша шешім қабылдағанға дейінгі мерзімге оны есепке қою жүргізіледі
.
Он сегіз жасқа толған шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға куәлік үш ай
мерзімге беріледі, оған ХЖҚЖАО басшысы қол қойып, мөрмен куәландырылады.
Пана іздеген адамның куәлігі босқын деп тану туралы өтініш білдірген шетелдіктің,
азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында болуының
заңдылығын растайды.
Өтінішхатты қарау мерзімі пана іздеген адамның куәлігі берілген күннен бастап үш
ай мерзімге ұзартылған жағдайда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен пана іздеген
адамның куәлігінің орнына үш ай мерзімге жаңа куәлік беріледі.
Пана іздеген адам куәлік алған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде
дактилоскопиялауға жатады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 17.07.2024 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Өтінішхат пана іздеген адам отбасының он сегіз жасқа толған әрбір мүшесінен
қабылданады.
Отбасының он сегіз жасқа толмаған және пана іздеген адаммен бірге келген
мүшелері туралы мәліметтер туу туралы құжаттардың негізінде ата-анасының біреуінің
, ата-анасы болмаған кезде заңды өкілінің не отбасының он сегіз жасқа толған және
отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелерін тәрбиелеуге және оларды асырауға өз
еркімен міндеттеме алған бір мүшесінің өтінішхатына жазылады. Көрсетілген
міндеттеме еркін нысанда жазбаша түрде жазылады және жеке істің материалдарына
қоса тігіледі. Бір отбасы мүшелерінің өтінішхаттары бойынша материалдар бір жеке
іске ресімделеді.
Өтінішхаты тіркелген адамның Қазақстан Республикасына жеке келген отбасы
мүшелері оларда босқындар деп тану үшін негіздер болмаған жағдайда, отбасымен
қосылу мақсатында өтінішхат берген кезде отбасылық қатынастарын растайтын
құжаттамалық дәлелдемелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы адамның өз
отбасы мүшелерін қабылдауға келісетіні туралы еркін нысанда өтініш ұсынады.