Last Change:

03/22/2026

Order of the Minister of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan dated 28 January 2016 No. 85 “On Approval of the Rules for the Acceptance, Processing and Consideration by Internal Affairs Bodies of Applications on Issues of Admission to the Citize

Year: 2016

Type: Domestic law

Rights Category: Nationality, Integration & Public Affairs

Description

The rules for receiving, processing and considering applications (applications) for citizenship of the Republic of Kazakhstan regulate the procedure for submitting and considering applications from foreign citizens and stateless persons, as well as from persons wishing to acquire, restore, confirm or terminate citizenship. They define the terms and conditions for submitting applications, the list of necessary documents, the requirements for their registration and the procedure for their verification by internal affairs bodies, and the possibility of appealing decisions.

Selected provisions
3-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау тәртібі

17. Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан адамдар Қазақстан
Республикасы Президентінің атына Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау
туралы өтінішхаттар (өтініштер) береді және тұрақты тұратын жері бойынша Қазақстан
Республикасының ішкі істер органдарына оны тапсырады.
Өтінішхатта (өтініште) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың
себептері көрсетіледі.
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.27.08. № 599 бұйрығымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.24.06. № 366 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 18-
тармақ өзгертілді; ҚР Ішкі істер министрінің 2021.18.10. № 642 бұйрығымен 18-тармақ
жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ішкі істер министрінің 2022.27.08. № 706
бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.29.07. № 592 бұйрығымен (2024 ж. 12 тамыздан бастап
қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-тармақ өзгертілді
18. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхатқа
(өтінішке) мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) өмірбаян;
3) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр (бұдан әрі - см) төрт фотосурет;
4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген
шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;
5) жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін
растайтын құжаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, баланың туу туралы куәлігінің
көшірмелері;
6) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығын
алмағандығы немесе оны тоқтатқандығы туралы анықтама (осы Қағиданың 15-
тармағының 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген ішкі істер органына
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы және біруақытта келген
мемлекеттің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды адамына
шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтініш
жасаған адамдарды қоспағанда. Бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы өтініштің
көшірмесі азаматтыққа қабылдау туралы материалдарға қоса тігіледі);
7) мемлекеттік баж салығының төленгені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы
құжат:
8) Заңның 17-бабының 14) тармақшасына сәйкес ғылым және жоғары білім
саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді қарапайым
деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан
тарихын білуін растайтын сертификат қоса беріледі.
Санамаланған құжаттармен бірге:
кәсіби тізбенің талаптарына жауап беретін адамдар және Қазақстан Республикасы
Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленетін адамдар
үшін талаптар - бейінді мемлекеттік органның қолдаухатын;
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат (өтініш)
білдірген адам өтініш берген сәтте Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрса,
онда неке туралы куәліктің нотариалды куәландырған көшірмесін тапсырады.
Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және жақын
туыстарының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бұрынғы
одақтас республикалардың азаматтары олардың Қазақстан Республикасының
азаматтарымен туыстық деңгейін куәландыратын құжаттарды (туу туралы куәлік, неке
туралы куәлік және т.б.) ұсынады.
Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс.
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес бір тілден
екінші тілге аударылғанын нотариус куәландырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 60-тармағына сәйкес
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары шетел мемлекеттері билігінің
қатысуымен жасалған немесе сол биліктен шығатын құжаттар мен актілерді, егер
Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе Қазақстан Республикасы
ратификациялаған Халықаралық шарттармен өзгеше көзделмесе, заңдастыру болған кезде
қаралуға қабылдайды.