Last Change:

03/27/2026

Order of the Minister of Energy of the Republic of Kazakhstan No. 143 of 25 February 2015 'On Approval of the Rules for the Use of Electrical Energy'

Year: 2015

Type: Domestic law

Rights Category: Housing, land & property

Description

The Rules for the Use of Electric Energy, approved by Order No. 143 of 25 February 2015, establish the procedures and conditions for the supply, consumption, and accounting of electric energy in the Republic of Kazakhstan, as well as the rights, obligations, and responsibilities of energy suppliers and consumers.

Selected provisions
2-параграф. Электр желілеріне жалғануға берілетін техникалық шарттар

ҚР Энергетика министрінің 2015.30.04. № 329 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.30.11. №
678 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің м.а. 2021.22.10. № 325
бұйрығымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ жаңа редакцияда
10. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр желісіне рұқсат алу үшін
көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда, әрбір тұтынушыға
техникалық шарттар береді.
Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым көп пәтерлі құрылыстарда тұратын
тұтынушылардың электр желілеріне рұқсат алу үшін техникалық шарттарды
кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті өкіліне береді.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес
бекітілетін Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру
рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларда техникалық шарттарды беру
тәртібі көрсетілген Қағидаларда анықталады.
Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдар цифрлық майнинг саласындағы
қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға электр желісіне қол жеткізу үшін техникалық
шарттарды берген кезде Жүйелік операторды осындай техникалық шарттарды беру
туралы берілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде хабардар етеді.
14. Энергия беруші ұйым өзінің интернет-ресурсында электрмен жабдықтау желісіне
қосылу және техникалық шарттарды беру процесіне арналған бөлімді ашады, онда
мыналар:
электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосылуға арналған бөлімді әзірлеу;
кемінде 3 ай мерзімділігімен жүктелетін шағын станцияларды жүктеу туралы
ақпаратты орналастыру қамтылады.