Last Change:
03/27/2026
the Order of the Deputy Prime Minister - Minister of Labour and Social Protection of the Republic of Kazakhstan No. 227 of 21 June 2023 'On Approval of the Rules for the Assignment and Payment of State Targeted Social Assistance'
Year: 2023
Type: Domestic law
Rights Category: Social protection
Description
The Rules approved by Order No. 227 of 21 June 2023 establish the procedures and conditions for the appointment and payment of targeted social assistance in the Republic of Kazakhstan, including eligibility criteria, calculation mechanisms, and the rights and obligations of applicants and authorized bodies.
Selected provisions
36. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімнің және балаға ай сайынғы қосымша төлемнің негізінде атаулы әлеуметтік көмек төлеуге арналған атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған сомаларын және балаға ай сайынғы қосымша төлемді ағымдағы жылдың соңына дейін бюджет қаражатына қажеттілікке қосуды қамтамасыз етеді.
Алушыға атаулы әлеуметтік көмекті және балаға ай сайынғықосымша төлемді төлеу атаулы әлеуметтік көмек, балаға ай сайынғы қосымша төлемді төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімге сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Қажеттілік сомасы туралы өтінімді Мемлекеттік корпорация әр айдың бірінші жұмыс күнінде қалыптастырады.
Мемлекеттік корпорация қажеттілік қалыптасқаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органға атаулы әлеуметтік көмек, балаға ай сайынғы қосымша төлем төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімді жібереді.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек, балаға ай сайынғы қосымша төлем сомасы туралы өтінім келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде есепті кезеңге Мемлекеттік корпорацияға атаулы әлеуметтік көмек, балаға ай сайынғы қосымша төлемді қажеттілік сомасы туралы өтінімде көзделген сомалар шегінде ақшалай аударады.
37. Мемлекеттік корпорация:
трансферттер түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес МТ 102 форматында төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банк шоттарына төлеуді жүзеге асырады;
ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен атаулы әлеуметтік көмектің, балаға ай сайынғы қосымша төлемнің артық есептелген (төленген) сомаларын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органға аударады;
есепті айдан кейінгі әрбір айдың 20-күнінен кешіктірмей атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органмен атаулы әлеуметтік көмек төлеуге бөлінген қаражат және балаға ай сайынғы қосымша төлем бойынша салыстыру актісіне қол қояды.
Төленген сомалар бойынша Мемлекеттік корпорация мен атаулы әлеуметтік көмекті және балаға ай сайынғы қосымша төлемді төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар арасында ай сайын салыстыру актілері жасалады.
Атаулы әлеуметтік көмекті және балаға ай сайынғы қосымша төлемді төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу Мемлекеттік корпорация мен атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органдар арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
38. Атаулы әлеуметтік көмекті алу мақсатында өтініш берушінің жалған ақпараты және (немесе) дұрыс емес мәліметтерін көрсететін фактілер мен мәліметтер анықталған жағдайда, мансап орталығы немесе әкім ауылды жерде тиісті фактілер немесе мәліметтер анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді.
Артығымен төленген немесе негізсіз төленген сомалар туралы фактілер белгіленген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек алушыға атаулы әлеуметтік көмекті және балаға ай сайынғы қосымша төлемді ерікті түрде қайтару туралы жазбаша немесе электрондық хабарлама жібереді. Хабарлама жіберілген күннен бастап атаулы әлеуметтік көмек және балаға ай сайынғы қосымша төлем төлеу тоқтатылады.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы артығымен төленген немесе негізсіз төленген соманы ерікті түрде толық көлемде алушыға хабарлама жіберілген күннен бастап бір айлық мерзімде қайтармаса, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган артығымен төленген немесе оған негізсіз төленген соманы қайтару бойынша сот тәртібімен шаралар қабылдайды. Сотқа арыз атаулы әлеуметтік көмек алушының тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінде көзделген тәртіппен беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек және балаға ай сайынғы қосымша төлемді алғаннан кейін артық төленген сомалар кейінгі төлемдерден ұсталады.
Алушының көшуіне байланысты басқа өңірде атаулы әлеуметтік көмекті және балаға ай сайынғы қосымша төлемді одан әрі алған жағдайда, артық төленген сома атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау орны бойынша тағайындалған сомадан ұсталады.
Егер алушы заңсыз алынған атаулы әлеуметтік көмектің сомасын немесе оның бір бөлігін тиісті бюджетке қайтарса, онда өтініш берушінің жалпы қарызы қайтарым сомасына азаяды және атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған және төленген ақпараттық жүйеде тіркелуі керек. Ол үшін өтініш беруші мансап орталығына, ал ауылдық жерлерде - ауылдық округтің әкіміне - ақпараттық жүйеге сканерден өткізіліп, енгізілген, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін маманның ЭЦҚ қол қойылады, ол растау құжатын қабылдап, сканерленген көшірмесін ақпараттық жүйеге жүктейді, сондай-ақ мансап орталығы басшысының немесе әкімнің ЭЦҚ-сы, содан кейін бұл жазба түзету құқығынсыз ақпараттық жүйеде сақталады.
Егер өтініш білдіруші немесе атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым атаулы әлеуметтік көмектің заңсыз алынған сомасын Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырса, онда Мемлекеттік корпорация қайтарылған сомаларды атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органға ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
39. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтініште 1-қосымшаға сәйкес өтініш беруші бір жастан 6 жасты қоса алғанға дейінгі барлық балаларды, оның ішінде ағымдағы тоқсанда бір жасқа толған балаларды көрсетеді.
40. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың жасын ескере отырып, балаға ай сайынғы қосымша төлемді төлеу кезеңі көрсетіледі.
41. Бала қайтыс болған жағдайда балаға ай сайынғы қосымша төлем бала қайтыс болған айға төленеді.