Last Change:

03/27/2026

the Order of the Minister of Health of the Republic of Kazakhstan No. ҚР ДСМ-194/2020 of 13 November 2020 "On Approval of the Rules for the Attachment of Individuals to Healthcare Organizations Providing Primary Health Care"

Year: 2020

Type: Domestic law

Rights Category: Health

Description

The Order of the Minister of Healthcare of the Republic of Kazakhstan dated 13 November 2020 No. DSM-194/2020 establishes regulatory provisions governing a specific area of healthcare, defining the procedures, requirements, and responsibilities of authorized bodies and participants involved.

Selected provisions
1-тарау. Жалпы ережелер

4. МСАК ұйымдарына Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды,
босқындарды, шетелдіктерді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында
тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды бекіту ТМККК шеңберінде және МӘМС
жүйесінде медициналық көмек алу құқығын іске асыру үшін жүзеге асырылады.
6. Шетелдіктерді және (немесе) Қазақстан Республикасында уақытша болатын
азаматтығы жоқ адамдарды, пана іздеп жүрген адамдарды МСАК ұйымдарына бекіту:
1) ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде МСАК (бұдан әрі - ЕМС);
2) Кодекстің 201-1-бабының 1-тармағына сәйкес жүктелген медициналық сақтандыру
(бұдан әрі - ЖМС) шеңберінде МСАК;
3) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін
аурулардың тізбесін және медициналық көмектің көлемін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-
121/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 21407 болып тіркелген) тізбе және көлем бойынша ТМККК шеңберінде
медициналық көмек;
4) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық
көмек көрсету үшін жүзеге асырылады.