Last Change:
03/30/2026
Order of the Minister of Health of the Republic of Kazakhstan No. KR DSM-274/2020 of 15 December 2020 'On Approval of the Rules for Certification of Healthcare Specialists, Confirmation of the Validity of a Specialists Certificate in the Field of Healthca
Year: 2020
Type: Domestic law
Rights Category: Work & Workplace rights
Description
The Order of the Minister of Health of the Republic of Kazakhstan dated 15 December 2020 No. ҚР ДСМ-274/2020 establishes the procedures for certification of healthcare specialists, confirmation of certificate validity, including for foreign specialists, and defines the conditions for admission to certification of persons who obtained medical education outside the Republic of Kazakhstan.
Selected provisions
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.20.06. № 23 бұйрығымен 4-тармақ жаңа
редакцияда (2024 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11
желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру
бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын
бағалау қағидалары» бұйрығына сәйкес (бұдан әрі - білім мен дағдыларды бағалау
қағидасы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып
тіркелген) сәйкес бағалау жөніндегі ұйым жүргізетін кәсіптік даярлығын бағалаудан өткен
мамандар клиникалық немесе фармацевтикалық практикаға жіберу үшін сертификаттаудан
(бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік деңгейіне сәйкес өтеді.
Біліктілік деңгейін беруге немесе растауға өтініш беруші емес көрсетілетін қызметті
алушы кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесін ұсынбайды.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.26.04. № 16 бұйрығымен 5-тармақ жаңа
редакцияда (2024 ж. 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында
Медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған көрсетілетін қызметті алушылар
«орта, техникалық және кәсіптік туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230
бұйрықтарына сәйкес білімі және (немесе) біліктілігі танылған жағдайда сертификаттауға
жіберіледі, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып
тіркелген) және «білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген)
(бұдан әрі - тану қағидалары).
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.26.04. № 16 бұйрығымен 6-тармақ жаңа
редакцияда (2024 ж. 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Көрсетілетін қызметті алушы сертификаттаудан өту және қолданыстағы маман
сертификатын растау үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz,
www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық
департаментіне (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді.
Медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы осы қағиданың 2-қосымшасына
сәйкес «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік
қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында белгіленген
тізбеге сәйкес құжаттар мен мәліметтерді ұсынады (бұдан әрі - № 1тізбе).
Фармацевтикалық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы осы қағиданың 3-
қосымшасына сәйкес «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы
саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесінің 8-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттар мен мәліметтерді
ұсынады (бұдан әрі - № 2 тізбе).
7. Қолданыстағы маман сертификатын растауға арналған құжаттар мен мәліметтерді
көрсетілетін қызметті алушы оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30
(отыз) күннен ерте емес ұсынады.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023.27.01. № 18 бұйрығымен 8-тармақ жаңа
редакцияда (2023 ж. 3 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Маман сертификаты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020
жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды
сертификаттауға жататын мамандықтар мен маманданулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 болып
тіркелген) (бұдан әрі - Мамандықтар мен маманданулардың тізбесі) сәйкес беріледі.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.20.06. № 23 бұйрығымен (2024 ж. 25 тамыздан
бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.11. № 140 бұйрығымен (2026 ж. 14
қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ жаңа редакцияда
9. Көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы келісі тиісті
мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады:
2012 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілген қызметті алушылар үшін денсаулық
сақтау саласында жоғары және (немесе) жоғары орнынан кейінгі білімі туралы (сервисте
болған жағдайда);
2012 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілген қызметті алушылар үшін денсаулық
сақтау саласындағы орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы
(сервисте болған жағдайда);
мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы маман
сертификаты және біліктілік деңгейі туралы (сервисте болған жағдайда);
білім туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін
өзгерткен көрсетілетін қызметті алушы үшін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін
ауыстыру немесе неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты)
бұзу туралы (сервисте болған жағдайда);
білім мен дағдыларды бағалау қағидасына сәйкес кәсіптік даярлығын бағалау
нәтижелері туралы;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес көрсетілген қызметті
алушының еңбек қызметін растайтын құжаттары (сервисте қызметкерлердің бейіндері және
еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда);
денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижесін растайтын
құжаттар бойынша (сервисте мәліметтер болған жағдайда);
мамандандыру бойынша қосымшасы бар сертификаттау курсы куәлігі (транскрипт)
(мамандандыру бойынша маман сертификатын алуға үміткер көрсетілетін қызметті
алушылар үшін) (сервисте мәліметтер болған жағдайда);
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған деректерге сәйкес
мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша медициналық немесе
фармацевтикалық қызметке тыйым салу немесе тыйым салынбау туралы (сервисте болған
жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушыға ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен
мәліметтерді талап етуін жол берілмейді.
10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтер келіп түскен күні оларды
қабылдайды және тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке
күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес
өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні
жүзеге асырылады.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025.10.11. № 140 бұйрығымен 11-тармақ жаңа
редакцияда (2026 ж. 14 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті
алушының құжаттары мен мәліметтерін тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде №1 Тізбенің 8-тармағына немесе № 2 Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен
мәліметтердің толықтығын тексереді.
№ 1 Тізбенің 8-тармағына немесе № 2 Тізбенің 8-тармағына және (немесе) қолданылу
мерзімі өткен құжаттарға сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толық болмау
фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде
көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық
қолтаңбасымен расталған өтінішті қабылдаудан бас тартуды (еркін нысанда) жібереді.
12. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің)
дұрыс еместігі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік
қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің осы
қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, көрсетілетін
қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік
рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 73-бабы бойынша әкімшілік іс бойынша
алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін
қызметті алушы алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне дейін үш жұмыс
күнінен кешіктірмей хабардар етіледі (дәлелді бас тарту).
13. Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімге қарсылықты оны алған күннен
бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
14. Көрсетілетін қызметті алушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген жағдайда,
көрсетілетін қызметті беруші тыңдау хаттамасын жүргізеді, ол ӘРПК-нің 74-бабына сәйкес
ресімдейді.
15. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес талап
етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі және осындай құжаттар мен мәліметтерді ресімдеу
туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсынады.
Ескертулер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші нормативтік құқықтық
актілердің құрылымдық элементтеріне сілтеме жасай отырып, әрбір ескертуді дәлелдейді
және көрсетілетін қызметті алушыға өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.
16. «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» және «дәрілік
заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметі тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде
көрсетіледі.
17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын беру не мемлекеттік
қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы
деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер
көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.
19. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын «Клиникалық
практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер № 1 Тізбеде баяндалған.
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын «Дәрілік заттар
мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы маман сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ
мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер № 2 Тізбеде
баяндалған. 20. Осы қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін
қызметті беруші «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік
құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні
ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.